Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp-та ұрысып қалған қарағандылық ата-аналар сот залынан бір-ақ шықты

Опубликовано:

Қарағандыда оқушылар ата-аналарының арасында туындаған даулы мәселе чаттан бастау алып сотқа дейін жетті. Екі әйел бір-бірімен келісе алмай, біреуі чатқа боғауыз сөз жазып жіберген. Нәтижесінде балағат сөзге ренжіп қалған ана сотқа баруға бел буды деп хабарлайды times.kz.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: times.kz.kz
Фото: times.kz.kz: UGC

Оқиға Қарағанды қаласында орын алды. 2 сынып оқушысының анасы ата-аналар чатында суық ауа-райына қарамай балалар білімін бақылау алдында бекіту үшін, оларды сабаққа жіберуге шақырған.

Алайда әйелдің айтқанымен басқа оқушының анасы келіспейтінін жеткізген. Ол тіпті "Е....тая" деп жазып, бірер минуттардан соң хабарламаны өшіріп тастады.

Қарағандылық азаматша абайсызда жазып жіберген сөзі үшін кешірім сұраған.

Бірақ боғауыз сөзді көңіліне алып қалған ана хабарламаны сақтап, істі сот отырысында шешуді ұйғарыпты.

Сот барысында айыпталушы әйел бастапқыда "единственная" деп жазып, артынан Т9 текст редакторы сөзді өз бетінше бұрмалап жібергенін айтты.

Сот жазбадан қателесіп кеткен әйелдің нақты кінәсін көрмей, оны ақтап алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726504-whatsapp-ta-rysyp-kalgan-karagandylyk-ata-analar-sot-zalynan-bir-ak-sykty/

pixel