Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ару көшеде қалай жыныстық қатынасқа түсудің әдістерін үйретті

Опубликовано:

Соңғы уақытта жыныстық қатынасқа көпшілік орында түсетіндер саны күрт артқан. Ел алдында сезімге беріліп, ерсі әрекетке барудан қымсынбаған алматылық ару басынан өткен оқиғасын баяндап берді деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:yandex.ru
Фото:yandex.ru: UGC
"Жыныстық қатынаспен тосын жағдайда айналысу үшін алдымен адам байқамайтын орынды таңдап алу керек", - дейді кейіпкерлер. Олардың айтуынша, Медеу мен Шымбұлақ, тау саяхаты мен ағаштардың арасы таптырмас орын.

"Мен өз сүйгеніммен 28 панфиловшылар паркінде жыныстық қатынасқа түсіп көрдім. Ол түнгі уақыт болатын. Әрине ешкім көрмеді. Бірақ, сол түн әлі есімнен кетпейді. Ондай адреналинді қайта сезіне алмадым", - дейді алматылық ару.

"Біз де бұл іспен талай айналыстық. Шынымды айтсам, ұят ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Көлікте де, киімдер дүкенінде де қалауымызды орындап жүрдік. Тіпті аулада да жыныстық қатынасқа түскенбіз. Бірақ полицейлер көріп қалып, айыппұл төлетті", - деп ағынан жарылды Замира.

Ал заңгер Қайсар Егізбаевтың айтуынша, мұндай бассыздық жасағаны үшін 5 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады екен. Ал егер жыныстық қатынас балалардың көзінше орын алса, бұл қылмыс деп саналып, бес-он жылға бас бостандығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726508-almatylyk-aru-ksede-kalaj-zynystyk-katynaska-tsudi-disterin-jretti/

pixel