Шымкенттік болжаушы: Жаңбыр шілде айына дейін жалғасады
Опубликовано:
Жыл сайын 22 наурызда ұзақ мерзімдік болжамдар жасайтын шымкенттік ауа райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай биылғы жылға өз болжамдарымен бөлісті деп хабарлайды Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрғабыл Қозыбайдың болжамына, биылғы көктем жаңбырлы болып, жауын-шашынды ауа райы шілде айына дейін жалғасады.
"Шілдеде де жаңбыр жауып кететін күндер кездеседі. Егін егемін дегендер құрғақшылық болады деп қорықпай-ақ іске кірісе берсе болады", - дейді ол.
Нұрғабыл Қозыбайдың болжамынша, сәуір айының алғашқы онкүндігі жаңбырлы болады. 10 – 16-сәуір аралығында да жаңбыр жауады, күн суытады. Бұл өлара кезең болғандықтан таулы аудандарда қар жауып кетуі де мүмкін.
Бұдан кейінгі жаңбырлы күндер 23 – 25-сәуір аралығын қамтиды.
Ашық күндер айдың екінші жартысында болады. Ауа райы 20 – 25 градусқа дейін жылиды.
Ал мамырдың 1 – 4, 10 – 15, 20 – 25 аралығы жауын-шашынды болады. Жаңбыр бұл аталғаннан басқа күндері де жаууы ықтимал.
Маусымның 1 – 3-і, 9 – 13-і, 20 – 23-і аралығында да жаңбыр жаууы тиіс.
1 – 2-шілдеде кей жерлерде жаңбыр жауса, 10 – 13-шілдеде таулы аудандарда жауын-шашын болады.
Тамыз айында 40 градус үстіндегі ыстықтар болуы тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726778-symkenttik-bolzausy-zabyr-silde-ajyna-dejin-zalgasady/