Алматылықтар 17 жылда бір-ақ рет болатын ерекше құбылысты байқамақ
Опубликовано:
Алматылықтар осы жазда айдың үш сағат тұтылғанын көре алады. Бұл ерекше құбылыс 17 жылда бір рет орын алады, дейді мамандар. Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Биыл айдың тұтылуын тура түннің ортасында 28 шілде күні көре алады. Ол түнгі 12.23-те көрінеді. Сол үшін 27 шілде күні түнде далаға шығып, уақыттың 12.00-ге ауысқанын бақылау керек. Тұтылу 3 сағатқа созылады деп күтеміз", - деді зертхана меңгерушісі Любовь Шестакова.
Мамандар айдың беті толықтай жабылады дейді. Одан бөлек, 28 шілде - ұлы Марспен қарама-қарсылық туады. Бұл дегеніміз Жер мен Марс 17 жылда бір рет бір-біріне өте жақын қашықтықта жақындайды.
Осы кезде Марстағы шаңды дауылды көруге мүмкіндік туатын көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727076-almatylyktar-17-zylda-bir-ak-ret-bolatyn-erekse-kbylysty-bajkamak/