Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзіне гей жігіт іздеген астаналық ару елдің жағасын ұстатты

Опубликовано:

Өзіне қызтеке жігіт іздеген бойжеткен елдің жағасын ұстатты. Ол ерекше азаматпен отбасы құруға әзір деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото: Женский журнал ЖЕНЩИНА
Көрнекі сурет. Фото: Женский журнал ЖЕНЩИНА: UGC

Әлеуметтік желілердің бірінде белгісіз ару өзіне астаналық ерекше жігіттің керек екенін мәлімдеді.

«Менің жасым 23-те. Ақылды әрі әдемі қызбын. Шетелдің жоғары оқу орын тәмәмдағанмын. Өзіме Астана қаласынан қызтеке жігіт іздеймін. Егер ол ерекше азаматқа тұрмысқа шығу керек болса, оны да жасаймын. Оған сүйкімді балаларды сыйлағым келеді. Ерекше жағдайға да келісемін. Біздің екі түрлі жатын бөлмеміз, жеке өміріміздің болғанына да қарсы емеспін», - деді бойжеткен.

Бойжеткеннің айтуынша, ол туыстарының «Қашан үйленесің?» деген сұрағынан мезі болған қызтеке жігітке көмек көрсеткісі келеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727180-zine-gej-zigit-izdegen-astanalyk-aru-eldi-zagasyn-statty/

pixel