Кешке жаз, таңертең қыс: Астана тағы да қар құрсауында қалды (фото)
Опубликовано:
Астанада кешелі бер қар жауып қала тұрғындарын тағы әбігерге салды. Елордалықтар биыл көктем болмай, бірден жаз түседі деп әзілдеуде деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Кеше түнде жаңбыр соңы қарға ұласқан сол еді, Астана тағы да қар астында қалды. Елордада күн шығып, түс ауа күн жылынғанымен, қар еритін емес.

Әсіресе, көлік жүргізушілері әбігерге түскен сыңайлы. Себебі, түнімен жауған қар темір тұлпарларды басып қалған.

Күн жылынысымен аулаға шығып, асыр салып ойнайтын ойын алаңдары да қаңырап бос тұр. Ал, көлеңке тұстардағы қар тіпті сол күйі жатыр.

Сондай-ақ, қаладағы асфальт үстін тегіс мұз басқан.

Жасыл желек пен ағаштар да қар құрсауында қалған.

Астаналықтар мұндай көктемді көп жылдан бері көрмедік дейді.
"Биыл көктем болмайтын сияқты, бірден жаз көретін сияқтымыз ғой. Соңғы 4-5 жылда мынадай қарды көрмеппіз",-дейді қала тұрғындары.

Әзірге ғаламтордағы мәлімет бойынша күн апта соңында жылынуы тиіс. Десе де, синоптиктер биылғы жаздың салқын әрі жауын-шашынды болады деген болжам жасаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727635-keske-zaz-taerte-kys-astana-tagy-da-kar-krsauynda-kaldy-foto/