Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ащысайдағы ащы шындық: Кеңес кезінде атағы жер жарған ауыл жоғалып барады (фото)

Опубликовано:

ОҚО-да кезінде жиырма мыңға жуық халық қоныстанып, Совет үкіметі кезінде полиметалл кенінің отаны атанған Ащысай ауылында қазіргі таңда екі мыңнан астам ғана адам тұрады. Кезінде дүркіреген ауылдан бүгінде кен орнының тек қалдықтарын ғана көресіз. Құдды бір соғыстан қалғандай кейіпке енген Ащысай тіршілігімен өңірдегі NUR.KZ тілшісі танысып қайтты.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Халықтан маза қашқан ауыл

Қаратау тауының етегінде орналасқан Ащысайдың табиғаты ауылға келген кез-келген жанды бейжай қалдырмайды. Таза ауасы мен жан-жағын қоршаған тау тура бір суретшінің туындысы деп қаласыз. Кезінде полиметалл кеншілері кен өндіруден дүниежүзілік рекорд орнатқан ауылдан бүгінде маза қашқан.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Кезінде жиырма мыңға жуық халық тұрған Ащысайда бүгінде 2176 ғана халық қалған. Оның басым көпшілігі зейнеткерлер, зейнет жасына жақындағандар, балалар мен мектеп оқушылары. 19-29 жастағы жастар саны небәрі 203. Өйткені ауылда екі қолға бір күрек таппағандар өзге өңірлерге бас сауғалап кетуге мәжбүр болған.

«Осында дүниеге келдім, өстім. Кезінде шахтада еңбек етіп, жұмыс барысында жарақат алып мүгедектікке шықтым. Ауылдан кеткім жоқ. Жас та келіп қалды, қайда барамын? Туған жердің күні де, түні де ыстық деген бар. Ауылдың табиғаты керемет. Ауылда жұмыс жоқ. Еңбекке жарамдылардың көбі жан-жақта нан тауып жүр. Өндіріс тоқтаған соң жұмыс қайдан болсын?», - деді ащысайлық тұрғын Әділбек Тәжібаев.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылының тұрғыны. Фото: nur.kz: UGC

Ауылдан бұрынғы кен өндіріс орны қалдықтарының үйіндісін көзіңіз шалады. Ауыл әкімі Қайрат Қабылбековтің айтуынша, бұл қалдықтың құрамында темір металы басым. Кезінде жүргізілген зерттеулер бойынша бұл қалдықтар 15-20 жыл бойы қайта өңдеп шығаруға жеткілікті екен. Тек, оны жасайтын кәсіпкер жоқ.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай әкімі. Фото: nur.kz: UGC

Ауыз су сағаттап беріледі

Кен орнының үйіндісі арасынан ер кісі мен мектеп оқушысын кездестіріп қалдық. Үйінділердің арасынан тұрмысқа қажеттісін жинап жүр екен. Әңгімеге тарттық...

«Шахта кен орны жұмысын бастаса, халық та қайта келе бастайтын еді. Өзім қазір мектепті күзетемін, жалақым отыз мың теңге. Төрт балам бар. Қолға тиген жалақымды келесі айға дейін әрең жеткіземін. Әйелім үйде, жұмыс жоқ. Осылай өміріміз өтіп жатыр.
Жастардың көбі жан-жаққа кеткен, кеткендері де дұрыс қой. Ауылда жүргенде не істейді? Ал біз сияқты жасы келгендер туған жеріме жерленейін деп қалып отыр ғой. Бізді ауыз су жағы мазалайды. Биліктегілер есепті қатырады ғой, бізде ауыз су сағаттап беріледі. Тәулік бойы берілсе, егін шаруашылығын қолға алар еді халық», - деді 48 жастағы тұрғын Ниязбек Тоқтаров.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылының тұрғындары. Фото: nur.kz: UGC

Расымен де, ауылда ауыз су тек алты сағат қана беріледі. Төменгі ауылда да солай. Бұның өзіне кейбір халық шүкіршілік етіп отыр. Себебі бұған дейін мұнда ауыз су тәулігіне екі-ақ сағат қана беріліп келген.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Ауылда бірде-бір дәріхана жоқ

Ащысайлықтарды мазалайтын тағы бір мәселе - дәріханалардың жоқтығы. Тұтастай ауылда бірде-бір дәріхана жоқ. Сырқаттанған халық 60 шақырымда орналасқан Кентау қаласына баруға мәжбүр.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Ауыл ішін аралап жүргенімізде ауласының алдында отырған шешен ұлтының өкілін көрдік. Жөн сұрасып, тіршілігін білмек болғанымызда әйел азаматы жылармандай болып мұңын жеткізді.

«Ауылдың тіршілігі жаман, жақсысын айта алмаймын. Жастар қиналып жүр. Менің екі балам да мүгедек. Мемлекеттен алатын жәрдемақымыз дәрілерінен артылмайды. Біреудің кірін, ыдысын жуып беріп, нәпақа тауып жүрмін. Кейде темір-терсек жинап, өткіземіз. Жұмыс жоқ. Дәрі алу үшін сонау Кентауға баруға мәжбүрміз.
Болашағымыз қалай боларын білмеймін. Кететіндер кетті, мені Шешенстанға туыстарым шақырған. Әке-шешемнің сүйегі осында жатыр. Өзімнің де туып-өскен жерім, кеткім келмейді» деген ащысайлық ана Нажибат Бакиева ауыл халқы тату-тәтті тұрып жатқанын тілге тиек етті.

Тіпті мұнда ұрлық сынды қылмыстың жоқтығын айтып мақтанды.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылының тұрғыны. Фото: nur.kz: UGC

2017 жылы ешбір қылмыс орын алмаған

Қылмыс демекші, әкім Қайрат Қабылбеков "Ащысай - қылмысы жоқ ауыл" деп отыр. Қандай да бір тәртіп бұзушылық орын ала қалса, сотқа жеткізбей билер алқасы өздері жөнге келтіріп отырады екен.

Тек ауылдың учаскелік полицейі Руслан Кәрібаев мүлдем қылмыс жоқ дегенмен келіспейді. Айтуынша, тек былтыр ғана бірде-бір қылмыс тіркелмепті. Ал оған дейін ұрлық сынды ұсақ-түйек қылмыстар тіркелген. Биыл да бір ұрлық ісі анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр екен.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Ауыл әкімі дәріхана мәселесі жақын арада шешіледі деп сендірді. Әлі күнге дейін дәрі сататын орынның болмауының өзіндік себебі бар көрінеді. Айтуынша, дәріхана ашу кәсіпкер үшін тиімсіз, өйткені халық аз. Тұтынушы аз болған соң ешкім мұндай қадамға барғысы жоқ. Тіпті сатушының жалақысын шығару қиындық туғызады.

Жергілікті билік дәріхана ашамын деген азаматқа ғимарат та дайын екенін жеткізді. Ал ауыз су проблемасы 2019 жылы шешіліп, тәулік бойы үздіксіз берілмекші.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Басты проблема – жұмыссыздық

Сұхбат барысында шенеунік Қабылбеков ауылда жұмыссыздық проблемасы барын жоққа шығармады.

«1998 жылы зауыт жұмысын толықтай тоқтатты. Халық көптеп ауылдан көшіп кетті. Біз қазір шағын кәсіпкерлікті дамыту, өз кәсібін ашу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды халыққа насихаттап жүрміз. Тек тұрғындарды қинайтыны - кепілге қоятын мүлік жағы. Олардың үйлері ескі, банк мүлікті төмен бағалап, несие аз шығып қалып жатыр.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC
Ал жұмыссыздық жағына келсем, бізде металлургтер мен шахтерлар ғой көбі. Өндіріс орны болмаған соң жан-жаққа вахталық жұмысқа кеткендер, кез келген қалада да сыртқа шығып жұмыс жасайтындар бар. Ащысайдың өзінде туризмге қызығушылық танытқан адам әзірге табылмай жатыр», - деді ауыл әкімі.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

«Ленин біздің – бабамыз...»

Ащысайдың тыныс-тіршілігімен танысып жүріп ауыл клубына келіп жеттік. Ғимарат сыртында Леннинің ескерткіші алыстан "менмұндалап" тұр. Бұл ескерткіштің алынуына қариялар жағы қарсылық танытып отыр екен. Айтуларынша, ескерткіш ешкімге зиянын тигізіп отырған жоқ, қайта өткен тарихтан сыр шертеді.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC
«Ол кімге кедергісін келтіріп отыр? Біз кеңес үкіметі кезінде «Ленин - біздің бабамыз» деп өстік. Лениннің жаманшылығын көрмедік. Бір жағынан ол ескерткіш әдемі көрініп тұр ғой. Оның орнына қазақтың батырының ескерткішін қоямыз десе, мархаббат. Тек алып тастаса, ол орын қаңырап бос боп қалады», - деді қария Әділxан Тәкібаев.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Ауылдағы мәдени шаралардың көбі осыдан бірнеше жыл бұрын ағымдағы жөндеуден өткен осы клуб ішінде өтеді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін бильярд, теннис жабдықтарын алып келген. Тек олардың тозығы әбден жеткен.

Сондай-ақ, ауыл ішінде тәуелсіздіктен сыр шертетін бірде-бір тақтайшаны көрмедік. Елбасы Жолдауын, «Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттайтын тақтайшалар әкімдік, білім ұялары сынды ғимараттарда болмаса, ауыл ішінен таппадық.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Тағы бір атап өтерлігі, мұнда аялдамалар болғанымен, қоғамдық автобус мәселесі халықты азапқа салып отыр. Автобустардың тоқтауына да тұрғын санының аздығы себебін тигізіпті.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Қаңырап бос тұрған үйлер...

Халқы ашуға булыққан ауылды аралап жүрсеңіз әбден тозығы жетіп, қаңырап бос қалған көпқабатты және жеке үйлерден көзіңіз шалынады. Барак үйлер мен сарайлар да тізіліп тұр.

ащысай

Ащысай ауылында 687 үй бар. Оның 336-сында ғана адам тұрады. Мәселен, мына бір көпқабатты үйде небәрі екі отбасы тұрады. Соның бірі - 60 жастағы Владимир Зинщенко.

«Бұл көпқабатты үйде елуден астам пәтер бар. Екі ғана отбасы тұрады. Көршім Серіктің шаңырағында бес адам. Ал мен жалғыз өзіммін. Қалаға көшкенде қайда барамын? Жасым алпысқа келді. Мені кім алады жұмысқа? Шынымды айтсам, кезінде дүркіреген ауылымызда бүгінде әңгіме-дүкен құратын адам да қалмады», - деп мұңын шақты қария.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Үміт пен арман...

Айтпақшы, жыл соңына қарай Ащысайдағы полиметалл өндірісіне қан жүгіретін болды. Қытайлық инвестор аталған орынды сатып алып, зауыт жұмысын қайта бастамақ. Бұл хабар бірінші кезекте ащысайлық халықты қуанышқа бөледі.

Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC
«Кеңес үкіметі болғанда көретін едіңдер, ауылымыз қандай дамып тұрған жер еді. Қазір де жаман емес. Жыл өткен сайын жұмыстар жасалынып жатыр. Қуанып жатырмыз. Енді зауытымыз іске қосылады дейді. Ол кезде адамдар қайта келетін болады. Халық саны көбейеді»деп сөзін жалғады қария Әділxан Тәкібаев.
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz
Ащысай ауылы. Фото: nur.kz: UGC

Қысқасы, табиғаты тамаша ауыл халқында енді үміт оты тұтанды. Бәрінің тілегі бір. Полиметалл зауыты мен шахта іске қосылса, жағдайымыз түзеледі деген сенімі басым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727676-asysajdagy-asy-syndyk-kees-kezinde-atagy-zer-zargan-auyl-zogalyp-barady-foto/

pixel