Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда түрме салуға бөлінген 577 миллион теңге "жоқ болып" кеткен

Опубликовано:

Қазақстан Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова Орал қаласындағы түрменің құрылысына бөлінген 577 млн теңгенің қолды болғанын мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оралда түрме салуға бөлінген 577 миллион теңге жоқ болып кеткен
Оралда түрме салуға бөлінген 577 миллион теңге жоқ болып кеткен: UGC
«Оралдағы тергеу изоляторының құрылысы барысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Құрылыс материалдары мен құрылғыларды ауыстыру және олардың бағасын жоғарылату арқылы игерілген 4,5 миллиард теңгенің 577 миллионы қолды болған», - деді ол.

Оның айтуынша, Оралдағы заң бұзған адамдардың саны 300-ден аспайды. Ал шаһарда салынып жатқан тергеу изоляторы 1500 адамға арналған.

Оксана Лоскутованың пікірінше, мұндай ірі тергеу изоляторы Алматы, Қарағанды, Өскемен сынды қылмыс деңгейі жоғары қалаларда салынуы керек.

Кейін Бас прокуратураның ресми өкілі Алматы облысындағы түрмені жөндеуге бөлінген қомақты қаражаттың жымқырылғанын атап өтті.

«Алматы облысы Заречный ауылындағы түзеу колониясын қайта жөндеуге 120 млн теңге қажет болған. Алайда орындалмаған жұмыс қабылданғаны анықталды. Жалпы нысан бойынша материалдардың, әрі орындалған жұмыстардың құны 568 млн теңгеге жоғарылатылған», - деді ол.

Осы орайда ресми өкіл мұндай деректердің Астанада да тіркелгенін жеткізді.

«Астана қаласы мен Ақмола облысындағы күзет мекемелеріндегі күрделі құрылыстарын жүргізу кезінде бюджеттің 210,5 млн теңгесі жымқырылған. Жалпы мұндай қылмыстар үшін қылмыстық-атқару жүйесінің 41 қызметкері сотталды», - деп түйіндеді сөзін Оксана Лоскутова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727735-oralda-trme-saluga-blingen-577-million-tege-zok-bolyp-ketken/

pixel