Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш мың теңге жетеді": Ақтөбелік жігіт пәтерде бірге тұратын пысық қыз іздеп жүр

Опубликовано:

Ақтөбелік жігіт жарнама агенттігі арқылы бірге тұратын қыздар іздейді. Ашық түрде жасалған жарнамада әр қызды бір айға 3000 теңгеге кіргізетіні айтылған. Азамат өзі тұрып жатқан бір бөлмелі пәтерге жас қыздарды кіргізуге дайын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Үш мың теңге жетеді": Ақтөбелік жігіт пәтерде бірге тұратын қыз іздеп жүр
Көрнекі фото: UGC
"Бұл менің қалауым, ешкімді күштемеймін. Келемін деген қыз болса бір бөлмелі пәтерім дайын. Бірге тұрамыз, тек ол қыздардың үй шаруасына икемі болу керек. Ал саны жағын өздері қарайды. Бір қызбен де тұруға дайынмын. Әрі қарай көремін.

Өзім 30 жастамын, бойдақпын. Жақсы қыздар болса жарасып кетерміз.

Жарнаманы алғаш рет беріп жатырмын. Енді қазір пәтерге ақша таппай жүрген қыздар көп. Ал мен оларды қасыма алуға дайынмын. Одан проблема жасаудың керегі жоқ", - дейді Бағдат есімді жігіт.

Сондай-ақ, пәтерінің қала орталығында екенін айтқан ол қыздарды қасына алу үшін алдымен жеке кездесу өткізіп, шарт қояды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727764-s-my-tege-zetedi-aktbelik-zigit-pterde-birge-tratyn-pysyk-kyz-izdep-zr/

pixel