Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағдыр тәлкегіне төзген мылқау ерлі-зайыпты бақытты отбасының құпиясымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Атыраулық есту қабілеті бойынша мүгедектерге мамандық пен жұмыс табу қиын. Өйткені жергілікті оқу орындарында мылқау адамдарға арналған сурдоаударма арқылы өтетін курстар жоқ. Солардың бірі – 37 жастағы Атырау тұрғыны Қанат Иманғазиев деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz: UGC

Қанаттың айтуынша, оның тұрақты жұмысы жоқ, алайда қол қусырып отырмайды, әр шаруамен айналысып, нәпақасын тауып жүр.

"Менің бір мамандық иесі болғым келген арманым бар еді. Бірақ біз сияқты мылқаулар үшін экономист, программист мамандықтар түгілі жұмысшы мамандыққа түсу өте қиын". Отбасымды асырау үшін пойыздарда газет саттым, жолаушыларды суретке түсіріп фотограф болып та біраз ақша таптым, қара жұмыс та істедім. Өзім сияқты достарым да осылай күнелтеді. Кейін ақша жинап арзандау көлік сатып алдым. Бүгінде такси болып жүрмін. Клиенттермен ұлым арқылы сөйлесемін", - деген Қанаттың жолдасының да туа бітті құлағы естімейді.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz: UGC

Бақыт үшінші топ мүгедегі, жұмыссыз, бала тәрбиесімен айналысады. Иманғазиевтер отбасында үш бала бар, үшеуі де сау, құлақтары естиді. Бұл отбасыда 4 жастағы Гүлзадаға дейін ыммен сөйлеуді толық меңгерген. Әсіресе 13 жастағы ұлы Бекзат кәсіби сурдоаудармашыдан кем емес.

Қанат жас күнінде кемшілігінен "үйленбей қаламын деген қорқынышы" болған алайда ер адам өз махаббатын жолықтырып, бүгінде бақытты ғұмыр кешуде

"Болашақ жарымды пойызда кездестірдім, Ақтөбеге гастрольдік сапармен кетіп бара жатыр екен. Биші еді. Ата-анамыздың батасын алып некеге тұрдық. Бір жыл бойына ақша жинап, үйлену тойымызды да өткіздік. Балаларым дүниеге келмес бұрын өзіміз сияқты саңырау бола ма деп қатты уайымдадым. Бірақ, Аллаға шүкір, үш баламды да сап сау қылып жаратты. Солардың арқасында қоғаммен тіл табысып жүрміз", - дейді Бақыт.

Иманғазиевтер отбасы қазір СМП-136 ықшамауданындағы анасының ескі үйінде тұрады.

"2006 жылдан бері жерге кезекте тұрмын. Арманым сол жерге үлкен үй салу. Сондай-ақ жеңіл машинамды газельге ауыстырып кірісті одан әрі көбейтсем деген ойым бар. Балаларым өсіп келеді, оларды жоғары оқу орнына түсіргім келеді", - деп Қанат алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728137-tagdyr-tlkegine-tzgen-mylkau-erli-zajypty-bakytty-otbasyny-kpiasymen-blisti-foto/