Мыңжылдығын бүкіл әлем тойлаған Алпамыс батырдың сиқы жұртты шошытты (фото)
Опубликовано:
Белгілі журналист Нұрлан Әлімбаев Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткішінің "мүшкіл халін" айтып, жәдігердің қараусыз қалғанына налыды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

2014 жылы бой көтеріп, қазір қараусыз қалған ескерткіш жайлы журналист өзінің Facebook парақшасында жазды. Айтуынша, жәдігердің осындай мүшкіл күйде тұруы көпшілікке сын көрінеді.


"Бұл - Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткіші. Жəдігер 2014 жылы тұрғызылған болатын. Бірақ, бүгінгі сиқы мынадай... Мыңжылдығын ЮНЕСКО болып, бүкіл əлем тойлаған түгел түркінің қаһарманы Алпамыс батырдың ескерткішін қорғай алмасаң елдігің қайсы?", - деп жазба қалдырған ол.

Ал журналист жариялаған суреттерден ескерткіштің сынып, жәдігер орналасқан аумақтың көптен бері жиналмағанын байқауға болады.

Айта кетерлігі, жәдігер 2014 жылы бой көтеріпті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728200-myzyldygyn-bkil-lem-tojlagan-alpamys-batyrdy-siky-zrtty-sosytty-foto/