Атақты миллиардер Машкевич енді шымкенттіктерді жылытатын болды
Опубликовано:
Атышулы миллиардерлер Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиевке тиесілі Eurasian Resources Group Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын «Энергоорталық-3» АҚ-ның 94 пайыз акциясын сатып алды деп хабарлайды "Жас Алашқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы аталған компанияның ресми сайтында мәлім болды.
ERG акцияларды «Южэнергопром» ЖШС-інен сатып алған. Екіарада қандай келісімнің болғандығы әзірге белгісіз.
«3 Энергоорталық» АҚ-ы 2000 жылы құрылған. Ол жылу және электр энергиясын өндірумен айналысады. Оның құрамындағы электр станциясы 1981 жылдан бері жұмыс істейді.
Мұнда жылына орта есеппен 700 миллион кВТ/сағат электр қуаты өндіріледі. Кәсіпорында 600-ден астам адам жұмыс істейді.
Айта кетейік, Eurasian Resources Group - пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Төрт құрлықта қызмет ететін компанияның 80 мыңнан астам жұмысшысы бар.
ERG-нің Қазақстанда түсті металл, электр энергиясын, көмір өндіретін және көлік саласында қызмет ететін бірнеше компаниясы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728262-atakty-milliarder-maskevic-endi-symkenttikterdi-zylytatyn-boldy/