Құдалыққа памперспен келген қойлар елді күлкіге қарық қылды (видео)
Опубликовано:
Құдалыққа памперс кигізіп әкелінген қойлар елді күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүксалғышының бүлінбеуін ойлаған көлік иесі үй жануарларына ересектерге арналған памперсті кигізіп қойған.
Видеоға түсіруші: "Қазіргі құдалыққа қойлар памперспен келетін болған. Бүлдіріп қоймады ма екен", - деп тоқтамай күлді.
Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728460-kdalykka-pamperspen-kelgen-kojlar-eldi-klkige-karyk-kyldy-video/