RU

ШҚО-да тыр жалаңаш көшеде қыдырып жүрген қыз ұятқа қалды

Көшеде емін-еркін жалаңаш қыдырып жүрген қыз түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы жылдам тарап кетті. Бойжеткеннің бұл қылығы полицияның назарынан тыс қалмады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да тыр жалаңаш көшеде қыдырып жүрген қыз ұятқа қалды
ШҚО-да тыр жалаңаш көшеде қыдырып жүрген қыз ұятқа қалды: UGC

Тұрғындардың айтуынша, видео 23 сәуірде Зыряновтағы көшелердің бірінде түсірілген. Бойжеткеннің үстінде ішкі киімнің бірі ғана бар, есесіне қолына сөмкесін ұстап алған.

Ролик авторлары ішімдікке сылқия тойып алған қыз еш қымсынбастан қыдырып жүр деген болжам жасайды.

"Видеожазбаны біздің мамандар зерттеп жатыр", — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полиция мұндай қылықты ұсақ бұзақылық деп тауып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуы немесе 10 тәулікке дейін қамауға алуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728554-sko-da-tyr-zalaas-ksede-kydyryp-zrgen-kyz-atka-kaldy/