Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте самаурын қайнатып, нан жайған сылқымдар елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Шымкентте "Қыз сыны" байқауына қатысқан арулар сайыста самаурын қайнатып, көпшіліктің көңілінен шықты. Сылқымдар өткенді жаңғыртып, күбі пісу, құрт жасау, сиыр сауу, ұршық иіру сияқты тапсырмаларды орындауға тырысты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент
Фото: NUR.KZ: UGC

Шымкентте сұлулар сынға түскен байқау «Үкілі ару» атауымен өтті. Айтулы шараға әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен облыстық жастар ресурстық орталығы мұрындық болды.

Шымкент

Байқауға қатысқан онға жуық бұрымды күбі пісіп, самаурын қайнатқан. Сондай-ақ, құрақ құрап, жүк жию, ұршық иіру, жамау салу сынды бүгінгінің сылқымдары сіңіре бермеген, тек нағыз қазақ қызына тән өнерлерін көрсете білді.

Шымкент
"Маған байқауға қатысушы ретінде сиыр сауу және самаурынға шай қою тапсырмасы жүктелді. Бұл бір жағынан қызық. Өзім қаланың қызы болғандықтан, тапсырма оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ сайыс қызықты тартысты өтуде", -дейді байқауға қатысушы Гүлдана Ерменбай.

Қыз сыны байқауында ақылы мен іскерлігімен көзге түскен қатысышулар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1728754-symkentte-samauryn-kajnatyp-nan-zajgan-sylkymdar-eldi-tnti-etti-foto/

pixel