Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева банк қызметкерлеріне шүйліккен Тәңірберген Бердоңғарды сынады

Опубликовано:

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғарды сынға алды. Ол банк қызметкерлеріне "ана тілін білулері тиіс" деп шүйліккен блогердің өзіне "қазақ тілін жетік меңгеріп алуға" кеңес берген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Коллаж NUR.KZ
Коллаж NUR.KZ: UGC

Астанадағы «Qazkom» банкінің қызметкерлері қазақша білмей, түрік азаматының алдында ұятқа қалған оқиғадан кейін бірқатар қоғам қайраткерлері аталған мәселеге қатысты өз пікірлерін ортаға салған еді. Олардың ішінде бұрынғы мәжіліс депутаты, қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғар да бар. Ол өзінің Instagram парақшасында Оғыз Доғанға "қазақ қыздарына тіл тигізбеңіз" деп жазба қалдырғанымен, өзінің видео-үндеуінде "Qazkom" қызметкерлерінің "білікті, сауатты болуы тиіс екенін, банк менеджерлерінің клиенттерге қазақ және орыс тілінде де ақпарат бере алулары керек" деген ұстанымын жеткізген.

Десе де, әнші Меруерт Түсіпбаева блогермен келіспейтіндігін мәлімдеген. Қазақ эстрадасы жұлдыздары арасында тік мінезімен ерекшеленетін Түсіпбаева желіде мынадай жазба қалдырған:

"Тәке, кешірерсіз, дат айтсам! Қателеспесем, сіздің анаңыз кәріс ұлтынан емес пе? Тілге деген құрмет ана сүтімен берілетінін дәлелденген дүние. Ел президентінің өзі мемлекеттік тілге деген берік ұстанымын жақында ғана білдірді емес пе? Ал, өзіңіз ана тілін жетік меңгергенсіз бе? (қазақ тілін меңзеп тұрмын, себебі, сіз видео-үндеуіңізде соны айтыпсыз) Соған қарағанда Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан сөздің мағынасын терең түсінбеген сияқтысыз...Өкінішті... Онда сізге айтарым, алдымен бәрін өзіңізден бастасаңыз",-деп аяқталған жазба.

Желі қолданушылары аталған жазбаға қатысты түрлі пікір қалдырған. Бірі өнер иесін жақтап "Жарайсыз", "Ризамын сізге" деп жатса, енді бірі "Тәңірберген қарттарға қолдау көрсетіп жүр", "Жақсы блогер" деп пікір жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729076-meruert-tsipbaeva-bank-kyzmetkerlerine-sjlikken-tirbergen-berdogardy-synady/

pixel