Ауа райы: Бүгін елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Опубликовано:
Бірінші мамырда Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман мен желдің күшеюі болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін.
Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетіп, тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетіп, найзағай, тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл, күндіз Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с дейін жетіп, найзағай күтідеді.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729620-aua-rajy-bgin-elimizde-zauyn-sasynsyz-aua-rajy-ktiledi/