RU

Астанада 18 жастағы көрікті бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Астанада 18 жастағы бойжеткеннің табылмай жатқанына екі апта болды. Дүкеннен нан сатып алуға шыққан Назима Вохоббойева үйіне сол беті қайтып оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Назима. Фото: facebook
Назима. Фото: facebook: UGC

Астана маңындағы "Жібек Жолы" ауылында дүкеннен нан сатып алуға шыққан аруды жақындары жанұшыра іздеуде. Үлкен әпкесінің айтуынша, бойжеткен жоғалған күні жақсы көңіл-күйде болған.

"15:30-дар шамасында әзілдесіп, сөйлестік. Ол дүкеннен нан сатып алуға шықты. Содан бері хабарсыз. Ешкім көрген емес, ешқандай ақпарат жоқ", - дейді Камила.

Ол сіңлісі еш уақытта үйінен ұзаққа кетпейтінін және отбасында ешқандай жанжал болмағанын айтуда.

Назима. Фото: facebook
Назима. Фото: facebook: UGC

Отбасы полицияға жүгінгенімен, бойжеткен екі апта бойы табылмай жатыр екен.

Zakon.kz сайтының ақпаратына сәйкес, Назиманың ата-анасы қызын тауып берген жанға миллион теңге сыйақы беруге әзір.

Бойжеткеннің ерекше белгілері:

Бойы - 170-175 сантиметр. Арықша келген, шашы ұзын, көзі қоңыр. Қара көк шалбар, ақ жолақтары бар қара көк жемпір киген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729891-astanada-18-zastagy-krikti-bojzetken-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto/