Екі баламен жесір қалған келіншекке өз қайнысы сезімін білдірген
Опубликовано:
Осыдан бір жыл бұрын күйеуі қайтыс болған 25 жастағы келіншек өзінің жан сырын айтып берді. Оған өзінен алты жасқа кіші қайнысы сезім білдірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгінде жесір әйелдің қайтыс болған күйеуінен бір ұл, бір қызы бар екен.
"Осыдан бір жыл бұрын күйеуім жол апатынан қайтыс болды. Қазір қос құлыным бар. Бірақ, күйеуімнің жылын күтіп, ата-енеммен тұрып жатырмын. Олар мені өз қызындай көреді. Алайда маған жақында өзімнен алты жасқа кіші қайным сезімін білдірді", - дейді ол.
Жас келіншектің анасы "Егер балаларыңды жақсы көрсе, өзіңді сүйсе, қосыл", - деп кеңес беріпті.
"Қайным маған неке жүзігін де сыйлап үлгерді. Қазір ол әскерге кетті. Кетіп бара жатып маған "Күт" деді. Ал қайын атам мені күйеуімнің туған інісіне қосқысы келеді. Ал менің ондай ойым жоқ. Өз күйеуім қайтыс болғанда, қиын күндерде сезім білдірген қайным жанымнан табылды. Балаларыма да қарады. Мені де жұбатты. Оған бауыр басып қалғандаймын", - деген келіншек өз құпиясымен бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730129-eki-balamen-zesir-kalgan-kelinsekke-z-kajnysy-sezimin-bildirgen/