jitsu gif branding logo appbranding logo app
Эзотерика

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес

    мужчина молится
    Фото: UGC

    Алғаш рет ораза ұстауға бекінген мұсылмандарға көмек болатын 15 пайдалы кеңесті mazhab.kz сайты назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

    1) Сіз ораза ұстайтын жалғыз адам емессіз.

    Ораза. Көрнекі фото: ТВ Центр
    Ораза. Көрнекі фото: ТВ Центр: UGC

    Оразаны сізге дейін де миллион адам ұстаған және Алла қаласа, сізден кейін де талай адам жалғастырады. Ораза - бір ай бойы аш жүру деген сөз емес. Бар болғаны сіз күндіз ішетін тамақтарыңызды енді түнде ішетін боласыз.

    2) Оразаның құндылықтары, Алла алдындағы дәрежесі туралы толығырақ білуге асығыңыз, жиі еске алыңыз.

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес
    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес: UGC

    Бұл сіздің оразаға деген құлшынысыңызды арттырады.

    3) «Биыл ораза ыстық мерзімге түсіп тұр, шыдай алмаймын-ау» деген ой маза бермей ме?

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес
    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес: UGC

    Ғалымдар адамның қарнында өз денесін екі тәулік бойы алып жүруге жеткілікті деңгейде тамақ болатынын дәлелдеген.

    Есіңізде болсын! Алла Тағала адамға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді!

    4) Ораза тұтпауға өзіңді алдап, түрлі себеп пен сылтау тауып алу оп-оңай.

    Мысалы, «кешке дейін жұмыста отырамын, аш болсам, басым істемей қалады» дейтін сылтаулар бар.

    5) Бірнеше жыл бойы ораза ұстап жүрген білімді, салиқалы кісілермен сұхбат құрыңыз.

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес
    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес: UGC

    Кеңес сұраңыз. Тіпті, оразаны алғаш рет ұстағалы отырған адамдармен де пікір алмасыңыз.

    6) Дерек көздері көрсетілген, сенімді кітаптардан оразаны дұрыс тұтудың жолдарымен танысыңыз.

    Мешіт имамына барып, кеңес сұраңыз.

    7) Нашар әдеттеріңізді тастауға бел буыңыз.

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес
    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес: UGC

    Ғайбат, өсек-өтірік айту секілді нашар қасиеттерді біртіндеп жеңуге тырысыңыз.

    8) Күн тәртібіңізді біртіндеп өзгерте бастаңыз.

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес
    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес: UGC

    Себебі, бұл айда күн тәртібіңіз күрт өзгереді. Тамақты басқа уақытта ішіп, ерте оянасыз. Асқазаныңызды таңертең едәуір тамақ жеуге үйретіңіз. Ерте тұруды әдетке айналдырыңыз.

    Бұрын-соңды дүниелік шаруаларыңыз көп болса, рухани жаттығуларға орын босату керек болады. Теледидар мен ғаламторда отырудың сүюшілерден болсаңыз, осы бастан шекара қоя біліңіз.

    9) Ауру-сырқатыңыз болса, дәрігерге қаралыңыз.

    Қажетті ем-домды қабылдаңыз. Алла Тағала бекіткен құлшылықтар адам баласына қиындық тудыруды мақсат етпейді.

    Оразаның денсаулығыңызға орын толтыра алмастай зарар тигізбейтініне көз жеткізіңіз.

    10) Темекі шегетін болсаңыз, Рамазан – бұл әдепсіздіктен арылуға көмектесетін ұлы мүмкіндік.

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес
    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес: UGC

    Осы бастан әрекет жасаңыз. Үнемі сағыз шайнаушылардан болсаңыз, мұныңызды да жайына қалдырғаныңыз абзал.

    11) Егер әдетіңізге айналған болса, дүйсенбі, бейсенбі күндердің оразасын әрі қарай жалғастырыңыз.

    12) Намазыңызға бекем болыңыз.

    Нәпіл намаздарыңызды, түнгі намаздарыңызды жиілете бастаңыз. Әлі де бес уақыт намазды толықтыра алмай жүрсеңіз, сауаптар еселенетін Рамазаннан кейінге қалдырмаңыз.

    13) Күн сайын Құранды қолға алыңыз.

    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес
    Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес: UGC

    Құранның мағыналық аудармасына көз жүгіртіңіз.

    14) Арнайы дұғаларды жаттаңыз.

    Рамазан – дұға айы болғандықтан, Құран мен сүннетте келетін дұғаларды жаттай беріңіз.

    15. Ораза ұстауыңызға қарсылық танытатындардың болатындығына дайын болыңыз.

    Әдетте, жанашыр адамдар сіздің денсаулығыңызды, аптап ыстықта қиналатындығыңызды ойлап қарсы келіп жатады.

    Алайда, сіз барынша сабыр сақтап, оразаның қасиеттерін, негізгі мақсатын және оның денсаулыққа пайдасын жеткізіңіз.

    Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.