Қымбат нөмірмен мақтанған шымкенттіктер Қазнетте қызу талқыға түсті (фото)
Опубликовано:
Желі қолданушылары мақтаншақ қазақ жігіттерінің суретін талқыға салды. Фотоға түскен бір топ ер адам өздеренің 444 санды "беделді" автокөлік нөмірін ұстап көпшілік назарын өздеріне аударған. Халық сынына іліккен ер азаматтар Оңтүстік Қазақстан тумалары болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ер азаматтар автокөліктерінің нөмірлеріндегі әріптері әртүрлі болғанымен, барлығы "VIP" дәрежелі болып саналады.
Оған қоса, ер адамдардың автокөлік нөмірлерінен бөлек, бас киімдері де бірдей болған. Олар Головкиннің "GGG" аты жазылған кепкаларды киіп алған.
ОҚО-лық мақтаншақ ер азаматтар сурет астына "Чемпиондар" деп жазып қойған.
Желі қолданушылары бұл суретке екі түрлі пікір білдірді. Бірі бұл фото күлкіге қарық қылды деп жатса, қалғаны асқан мақтаншақ ерлерді сынап жатты.
"Қайтадан мақтаншақтық. Қашан осындай әдетімізден құтылады екенбіз? Тіпті ұят қой мынау енді", - деп ашынды оқырман.
"Мына ер азаматтар "бірдей нөмір куәгерлері" сектасынан шыққан ба?", - деп күлкілі түрде жазды желі қолданушы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730587-kymbat-nmirmen-maktangan-symkenttikter-kaznette-kyzu-talkyga-tsti-foto/