Астанаға барсам оңдырмаймын: Атышулы Замира Ләйлә Сұлтанқызына қоқан-лоққы көрсетті (видео)

Опубликовано:

Бүгінде отандық бағдарламаларға жиі шақырылатын атышулы Замираның есімі елге танымал. "Қалаулым" шоуынан шығып кеткен ол Ләйлә Сұлтанқызының "Өз ойым" бағдарламасына онлайн түрде қатысып, тағы да шу шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жолы Замира екі баласына төленетін алименті турасында сөз қозғады. Айтуынша, ол екі баласының тәрбиесін бүгінде ата-енесіне тапсырған.

"Ол асыраймын деп айтып, балаларды әке-шешесінің мойнына жүктеп отыр. Ол өзі басқа әйелмен тұрып жатыр, мен шешемнің үйінде тұрып жатырмын", - деген Замира күйеуі алимент төлеуден қашып, екі баласын алып кеткенін айтты.

Алайда бағдарламаның жүргізушісі Алмас Алтай оның бұл жауабын түсіндірмек болып, Замирадан сөз естіп қалды. Нәтижесінде, Замира оған қоқан-лоққы көрсетіп, Астанаға барса, оңдырмайтынын ашық айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730921-astanaga-barsam-odyrmajmyn-atysuly-zamira-ljl-sltankyzyna-kokan-lokky-krsetti-video/