Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада заманауи стильмен салынған сәулеті ерекше мешіт ашылды (фото)

Опубликовано:

Бүгін Астана қаласында постмодернизм стилінде салынған мешіт ашылды. Алла үйінің ашылу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды: UGC

Салтанаты шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде тұңғыш рет постмодернизм стилінде салынған мешіттің есігін айқара ашқанына қуанышты екенін жеткізді.

Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды: UGC

Бас мүфтиден кейін сөйлеген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев көпшілікті жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды: UGC

Айта кетейік, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды.

Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды: UGC
Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді.

Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіттің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады.

Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды: UGC

Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі – 43,5 метр. Ол "қалам" – "қасиетті қауырсын" түрінде бой көтерген.

Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды: UGC

Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді.

Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды
Астанада сәулеті ерекше мешіт ашылды: UGC

Жаңа мешіт 750 адамға лайықталған.

Ғимараттың ауданы – 2248 шаршы метр. Орналасқан жердің ауданы – 1,44 га.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731348-astanada-zamanaui-stilmen-salyngan-suleti-erekse-mesit-asyldy-foto/

pixel