Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамауға алынған Жомарт Ертаев мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Кәсіпкер Жомарт Ертаев өзін қамауға алу бойынша және тағылған айыптар туралы пікір білдірді. Сондай-аұқ ол азаматтығын ауыстыруға не себеп болғанын ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жомарт Ертаев. Фото: grandmoney.kz
Жомарт Ертаев. Фото: grandmoney.kz: UGC

Ертаев өзінің қорғаушысына тапсырған және alma.group сайтында жарияланған мәлімдемеде Қытайдан Батыс Сібірге телекоммуникация желісін жүргізуге мейлінше қолайлы болатындықтан, үш жыл бұрын Мәскеуге көшкенін айтқан.

"Мен алғашында уақытша ықтияр хат алдым. Кейінірек оның уақыты таяған соң, Ресей Федерациясының азаматтығын алуға өтініш бердім. Сондай-ақ заң аясында екі азаматтыққа рұқсат етілмегендіктен, Қазақстан азаматтығынан бас тартуым керек болды.

Бірақ мен ешқашан Bank RBK-да жұмыс істеген емеспін. Сондықтан да ол жердегі несие беру ісіне араласып, біреуді қолпаштайтын мүмкіндігім болған жоқ", - деген ол, өзінің "Bank RBK" АҚ-дан 80 миллион долларды аударып алды деген айыпты толықтай жоққа шығарды.

Сондай-ақ кәсіпкер өзіне халықаралық іздеу жарияланғанын да жалған деп отыр. Айтуынша, 8 мамыр күні оны құрықтаған соң, Ресейдің тәртіп сақшылары оны іздеуде жүрген адамдар тізімінен таппапты. Сондықтан азамат Ресей мен Қазақстан шекараларынан еркін өтіп жүрдім дейді.

Ертаевтың сөзіне сүйенсек, "Bank RBK" АҚ-ның еншілес құрылымы одан 300 миллион долларды бопсалап алмақшы екен. Ондағы мақсат - аталмыш банк шын мәнінде қандай мәселеге тап болғанын жасырып қалғысы келеді дейді азамат.

Сол себепті кәсіпкер құқығы толық қорғалып, кінәсіздігін дәлелдеу үшін іс толық қаралып біткенше Ресей жерінде қалуым керек деп санайды.

Еске салсақ, Жомарт Ертаев Мәскеуде 8 мамыр күні құрықталған болатын. Кейінірек ол үй қамағына алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731790-kamauga-alyngan-zomart-ertaev-mlimdeme-zasady/

pixel