Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдықтар президенттің алдында "показуха жасаған" әкімге өкпелеп қалды

Опубликовано:

Орал тұрғыны "президент алдында показуха жасаған" әкімге өз ренішін білдірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алтай Көлгінов. Фото: Уралськая неделя
Алтай Көлгінов. Фото: Уралськая неделя: UGC

Облыстық әкімдік сайтына жазба қалдырған тұрғын аймақ басшысы Көлгіновтен президент алдында не үшін "показуха жасалғанын" сұрады.

Мейрамбек Қадыров президентке тек алдын ала дайындалған жерлерді көрсетіп, қаланың нағыз келбетін көрсетпеген әкімге ренішін білдірген.

"Құрметті Алтай Сейдірұлы! Президентіміз өңірге келген кезінде ол кісіге кемшіліктерімізді көрсетудің орнына, әдейілеп көзін бояп, "показуха" жасалып, ұятқа қалып жатырмыз.

Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасында жарияланған жаңалықты көріп, азаматтардың өте қатты ашынғанын жеткізгім келеді.

Сіз үлгілі әкімгерлік жасап, қарауыңыздағы мемлекеттік қызметкерлерге көзбе-көз өтірік жұмыс істеуді тоқтатуға шақырсаңыз, дұрыс болар еді. Халыққа түсініктеме берілсе, дұрыс болар еді", - деп жазған Қыдыров.

Бұл сұраққа әзірге ресми жауап қайтарылмаған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732543-oraldyktar-prezidentti-aldynda-pokazuha-zasagan-kimge-kpelep-kaldy/

pixel