Шетел асқан жас муай-тайшы елге жүлдемен оралды
Опубликовано:
Түркияның Анталия қаласында муай-тайдан ел намысын қорғаған қазақ баласы жүлделі болып келді. Марат Мият түрлі мемлекет үздіктері бақ сынаған халықаралық жарыста екінші орынға ие болған деп хабарлайды NUR.KZ.

10 жасар отандасымыз Түркияда өткен муай-тайдан "Анталия кубогіне" қатысып, ел қоржынына күміс жүлде салды. Шетел асып ел намысын қорғаған Мият үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болған.

Жасына қармастан отандық деңгейде де алдынғы қатарлы орындарды иеленіп жүрген бала муай-таймен айналысқанына небәрі екі жылдай уақыт өткен. Аз ғана уақытта баланың жақсы нәтиже көрсетуінде бапкер шеберлігі елеулі рөл атқарған.

Бүгінгі күні, Алматы облысының тумасы жүлделер санын еселеуге бар күшін салмақ. 10 жасар муай-тайшы енді Қырғызстанда өтетін жекпе-жектерге қатысуды көздеп отыр. Көрші елге ол 19 мамыр күні өзі жаттығатын клуб мүшелерімен бірге аттанады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732569-setel-askan-zas-muaj-tajsy-elge-zldemen-oraldy/