Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Алматыда +31 градусқа дейін күн ысиды

Опубликовано:

Күннің жылынуын асыға күтіп жүрген Алматы тұрғындарын синоптиктер жағымды жаңалығымен қуантып отыр. Мамандардың болжамынша, осы аптада ауа температурасы +31 градусқа көтеріледі деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: natworld.info
Көрнекі фото: natworld.info: UGC

Дүйсенбі, 21 мамыр күні ауа температурасы күндіз +23, түнде +13 градусты көрсетеді.

Сейсенбі, 22 мамырда күндіз ауа бағамы +26 градусқа көтеріледі. Түнде +14 градус жылы болады. Аспан аздап бұлттанады.

Сәрсенбі, 23 мамыр күн ысиды. Күндіз ауа температурасы +26, түнде +8 градус болады деп күтілуде.

Бейсенбі, 24 мамырда ауа бағамы күндіз + 21, түнде +9 градус болады.

Жұма, 25 мамырда күн ашық болады. Күндіз +27, түнде +14 градусты көрсетеді.

Сенбі, 26 мамырда ауа температурасы +31 градусқа көтеріледі. Түнде +15 градус болады деп болжануда.

Жексенбі, 27 мамырда күн ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +30 градусқа жоғарлайды. Түнде +13 градус болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732956-aldagy-knderi-almatyda-31-graduska-dejin-kn-ysidy/

pixel