Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешке қалмаймыз": Ақтөбенің атышулы әкімі Шалқарда көп жүрмейтінін айтты

Опубликовано:

Бүгін Ақтөбе облысының барлық ауданының әкімдері Шалқарға жиналды. Аймақта өтіп жатқан "Шұғылалы Шалқарым" атты республикалық жерлестер форумына Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов та барған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе әкімі
Ақтөбе әкімі Ілияс Испанов: UGC

Тілшілер әкімнен "Атышулы Шалқар ауданында болудан жүрексінбейсіз бе?" деп сұраған болатын. Испанов өз ойын ашық айтты.

"Шалқарда тек күндіз боламыз. Кешке қалмаймыз. Кешке дейін кетіп боламыз", - дейді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Айта кету керек, Ақтөбе өңіріндегі 12 ауданының алты ауданын да Шалқардан шыққан азаматтар басқарып отыр.

Қазіргі уақытта өңірде "Шұғылалы Шалқарым" атты республикалық жерлестер форумы өтіп жатыр. Республикалық шараға Шалқар қаласынан шыққан атақты дәрігер Серік Ақшолақов және атаулы күнге ән-шашу жасау үшін эстрада жұлдыздары шақырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733318-keske-kalmajmyz-aktbeni-atysuly-kimi-salkarda-kp-zrmejtinin-ajtty/

pixel