Айгүл Иманбаева өз клипінде «төсектес» болған жігіт ұлының досы екенін ашық айтты (фото)
Жарияланған күні:
Танымал әнші Айгүл Иманбаева жуырда Прагаға барып, онда өзінің жаңа клипін түсірген болатын. Клипте жас жігіттің сүйіктісі болып рөл ойнаған актрисаны жұрт сынап тастаған болатын. «Время» газетіне берген сұхбатында әнші клиптегі «сүйіктісі» өмірде ұлының досы екенін ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
«Клипте менің сүйіктім болып ойнайтын жігіт қазақ болмауы керек еді. Мұндай мақсатты менің шығармашылық серіктесім әрі шоу бизнестегі продюсерім Баян Алагөзова қойған. Клипті Прагада түсіретін болғандықтан, актерді іздеуге және оны онда апаруға қосымша қаражат кетірмеу үшін оны менің ұлым тауып берді.
Баян Прагада оқитын ұлыма хабарласып, оған әдемі, бойы ұзын, сақалы бар, жасы шамамен 35-40 жастағы ер адамды табуға тапсырма берген еді. Бірақ ұлым оның сақалы бар болуы керек екенін ғана естіген болуы керек, әйтеуір 25 жастағы осы баланы алып келіпті.
Бұл жігіттің есімі Владимир Гогулинский, ұлты – украиналық, студент, менің ұлымның бірге оқитын досы. Сондықтан ол бізді қолдап, бейнебаянда менің сүйіктімнің рөлін ойнап шықты. Басында сәл ыңғайсыздандым. Ол бала ұлымнан бірнеше жас қана үлкен ғой деп. Бірақ біз актер болғандықтан, образға кіруіміз керек болған. Қазір желіде «Бұл сұмдық», «Жігіт төсекке кофе апарып, сен ұялмай соны ішіп отырғаның қалай?», «Сен неге қазақ емес жігітпен бір төсекте жатырсың», - деп сұрақтың астына алған кезде мен өзімнің актриса екенімді айтамын. «Мен актрисамын, менің мамандығым сондай», - деп жауап беремін», - дейді Айгүл Иманбаева.
- Демек сіз мұндай провакацияға саналы түрде бардыңыз ғой?
- Өзгеріс әр адамға керек, әр нәрсені көру керек. Мен қазақша ойлап, қазақша сөйлейтін актриса ретінде өзімнің жүріс-тұрысыма баға беремін. Мәселен, егер мен дәстүрлі әнші болсам онда әңгіме басқаша болар еді. Өмір ұлтты киім киіп, сәукеле тағып жүріп, мына істеп жүргенің не деуге болатын еді. Бұл шынымен таңғаларлық жайт болар еді. Бірақ олай емес.
Сондықтан мен мұндай мәселеге бас қатырмаймын. Өйтіп айтып отырғандардың барлығы менің театрдағы образдарымды көрмеген болар. Мен министрдік қызы болып, наркоман қыздың, өз балаларын өлтіретін қылмыскерді де ойнаймын. Менің ойнайтын образдарым өте көп. Онда бұл клипті де кезекті образ ретінде қабылдамасқа?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733946-ajgl-imanbaeva-z-klipinde-tsektes-bolgan-zigit-lyny-dosy-ekenin-asyk-ajtty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.