Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда "Нұрлы жермен" үй алғандардың көңілі су сепкендей басылды

Опубликовано:

Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынған үйлердің төңірегінде дау шығып жатыр. Арман болған баспаналарына көшіп келген тұрғындардың жаңа үйлерінен қайыр болмаған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: darakchi.uz
Фото: darakchi.uz: UGC

Пәтер алғандарына екі ай болған тұрғындар жаңа баспаналарына көңілдері толмай отыр. Айтуларынша, жаңа үйлерінде екі айдан бері не суық, не ыстық су жоқ, тіпті газ да қосылмаған. Оған қоса, тұрғындар даладағы дәретханаға баруға мәжбүр болыпты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынған үйлердің бүгінгі жағдайы тұрғындарды әбігерге салған. Төбеден аққан су көпшіліктің мазасын қашырды. Тіпті суық судың өзі тек қана бесінші қабатқа дейін бар болып шыққан.

"Жөндеу жұмыстары дұрыс жасалмаған. Қалай болса, солай. Бұлар қайда жүр өзі?Келеді ме, келмейді ме?", - деп ашынды жергілікті халық.

Тұрғындар дайын емес үйдің кілттерін таратып берген жауапты мамандардың ісіне ашулы. Тоғыз қабатқа дейін салынған үйде жеделсаты да іске қосылмаған. Екі айдан бері тұрғындар даладағы жалғыз дәретханаға барып жүр.

Бұл мәселеге қатысты әкімшілік өкілдері мынадай пікір білдіруде.

"Ауыз суға байланысты, иә бесінші қабатқа дейін көтеріледі, ары қарай тоғызыншы қабатқа дейін жетпей жатыр. Су тартатын насос істен шыққан болатын. Оны осы сәрсенбіге дейін қосу жоспарланып жатыр", - деп сендірді әкімдіктің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, ыстық су мен газ халық 100 пайыз қоныстанғаннан кейін берілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734263-taldykorganda-nrly-zermen-j-algandardy-kili-su-sepkendej-basyldy/

pixel