ОҚО-да үйіне келген қонақтарына оқ жаудырған ер азамат істі болды
Опубликовано:
Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылының тұрғыны өзі қонақ еткен меймандарға оқ жаудырды. Аудандық сот 1981 жылғы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғап, оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

23 мамыр күні Қапланбек ауылында ер азамат үйіне екі жолдасын шақыртып алып, қонақ еткен. Ішімдіктен ала отыра, масайып қалған үй иесі қонақтарын үйден қуа бастады. Алайда, араққа сылқия тойған қонақтары жақсы отырысты аяқтағысы келмегенін айтып, үй қожайынын соққыға жыққан.
Мас жолдастарына қатты ашуланған ер азамат тапаншасын алып шығып, қонақтарға оқ жаудырған.
Қонаққа келгендердің бірі жеңіл жарақат алды. Оған қоса, соққы астында қалған үй қожайынына да дәрігерлік көмек қажет болған.
«Іс мән жайын ескере отырып, Е есімді азаматты 2 ай мерзімге күзетпен қамауға алу туралы сот қаулысы шықты» деп хабарлады Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыпов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734337-oko-da-jine-kelgen-konaktaryna-ok-zaudyrgan-er-azamat-isti-boldy/