Грекке тұрмысқа шыққан қазақ қызы отбасылық құпиясымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Грекке тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзінің отбасылық құпиясымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Әлеуметтік желіде "Мамася" атауымен танымал болған қазақ қызы бұл жайында Instagram парақшасында жазба қалдырған.

32 жастағы Айнаш Талдықорған тумасы. Бүгінде грек азаматымен отау құрған және Дилан есімді бір ұлы бар. Айнаш жұбайымен соңғы он жыл бойы Алматыда тұрады. Қазақ қызы бүгінде желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп, отбасылық өмірі туралы жиі айтады.

"Жақында оқырмандар арасында "Барлық еркектер опасыздық жасай ма?", - деген сауалнама жүргіздім. Мені қатты таңғалдырғаны көпшілігі "Иә", - деп жауап берген. Бұл қыздардың бірінші орында өзіне, сосын күйеуіне сенімсіздігін білдіреді", - деді Айнаш.

Блогер жұбайының адалдығына толықтай сенімді екенін де атап өткен. Қазақ қызы оның себептерімен де бөлісті.

"Мен жарымның мазасын тек демалыс күндері аламын. Тамақты дәмді етіп әзірлеймін. Ұят та болса айтайын: ... басқа адамға айналып кетемін", - деді құпиясымен бөліскен Айша.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734360-grekke-trmyska-sykkan-kazak-kyzy-otbasylyk-kpiasymen-blisti-foto/