Астанада 3 жасар бала менингит белгілерімен ауруханаға түсті

Опубликовано:

Астанадағы балалардың инфекциялық ауруханасына менингитпен үш жасар бала түсті. Бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vc.ru
Көрнекі фото: vc.ru: UGC

Ведомствоның мәлімтенше, бұлдіршін ауруханаға 29 мамырда сағат 13:12-де түскен.

Сәбише алдын ала диагнозы - "Менингококк инфекциясы, генерализдік формасы (ондайда инфекция адам ағзасының біраз органдарына тарап кетеді - авт.) Менингит + Менингококцемия. Ал нақты диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесі бойынша қойылмақ.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

Еске сала кетейік, кеше Талдықорғанда үш жасар бала ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оны менингит жұқтырды деп күдіктеніп отыр.

Айта кетейік, осы күндері менингококк инфекциясының таралуы Алматы қаласында өршіп тұр. Соңғы 2 аптада дәрігерлерге 57 адам жүгінген. Оның 29-ында диагноз расталса, менингококк жұқпасынан төрт адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734466-astanada-3-zasar-bala-meningit-belgilerimen-auruhanaga-tsti/