90 жастағы қазақстандық әжей Қытайда қамауға алынған
Опубликовано:
Егде жастағы әйел баласымен бірге 29 мамыр күні Бейжің қаласында тұтқындалған. Оған қытай миграциялық заңына сәйкес айып тағылды. Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қолданған шараларға байланысты, қазақ азаматшасы өз отанына қайтарылды деп хабарлайды ресми ведомствоның өкілі Ануар Жайнаковқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

90 жастағы Райхан әжей ҚХР, Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келіп, кейіннен Қазақстан азаматтығын алған.
Әйел өз туысқандарымен бірге Қытайға 2017 жылдың наурыз айында кеткеннен бір жылдан аса уақыт бойы сонда болған. Алайда ол елдегі визалық уақыт тек 30 күнді ғана құрайды.
Отбасының тұтқындалғанын естіген қазақстандық дипломаттар қытайлықтармен болған мәселені шешуге кірісті.
"Қазақстандық азаматтарды тергеу жұмыстарының нәтижесінде, айыпталушылардың Қазақстан және Қытай азаматтығын бірдей алғаны мәлім болды", - деп көрсеткен Ануар Жайнаков өзінің Facebook парақшасында.
Қазақстан елшілігі өкілдерінің жүргізген жұмыстарының қорытындысы бойынша ҚХР азаматтығынан бас тартылып, тұтқындағы әйел босап шыққан.
2 маусым күні ол Қазақстанға депортацияланды.
Әжей алғысын видеоүндеумен білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735166-90-zastagy-kazakstandyk-zej-kytajda-kamauga-alyngan/