Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік тұрғын өзінің құдаймен қалжыңдасатынын айтып, дүрліктірді

Опубликовано:

"Алланың хабаршысымын" деп елге жариялаған шымкенттік Абай Пішенбаев өз райынан қайтар емес деп "Мәселе" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Абай Пішенбаев. Фото: YouTube
Абай Пішенбаев. Фото: YouTube: UGC

Осыдан 21 жыл бұрын тылсым күш иесімен байланысқа түстім деген Абайды жүйке ауруларды емдейтін ауруханаға апарғанда, одан ауытқушылық таппай, қайтарып жіберген.

Пішенбаевтың айтуынша, Алла оған халықты дінге келтіріп, кәлима үйретуге әмір беріпті-мыс. Ол Алла Тағаламен әзілдесіп, ішек-сілесі қатып күлетінін де жеткізді.

“Қыз-келіншектер қысқа юбка киіп жүреді ғой. Сол аяғы жалаңаштанып, еңкейсе әуретті жері көрінеді. Сондай кезде жаратушыға “Мынандайға қалай қарамаймын?” деп айтам. Жаратушы "Мұны базардағы маникендер деп елестет” дейді. Маникеннің жүріп бара жатқанын елестетем деп күлемін”, – дейді өзін Алланың хабаршысымын деген азамат.
Абай Пішенбаев. Фото: YouTube
Абай Пішенбаев. Фото: YouTube: UGC

Абайдың айтуынша, егер оны біреулер өлтірсе, онда Алла Тағала үш күннен кейін оны тірілтіп, періштелерімен қоса жер бетіне шығарады екен.

Мәселеге байланысты имамдардың да айтары бар боп шықты.

“Пайғамбарымыз қиямет қайым жақындағанда дәжжалдар көбейеді. Жалған пайғамбарлар көбейеді. "Мен пайғамбарлардың ең соңғысымын” деп ашық баяндаған. Кей хадисте: “Менен кейін пайғамбар болғанда Омар болатын еді. Өйткені ол өте әділ сахаба. Әділетсіздікке жаны қас деген”, – дейді “Нұр Астана” мешітінің наиб-имамы Әділхан Иманәліұлы.

Сіздің ойыңызша, Аллаға серік қосу дұрыс па? Осылайша Алламен тілдесетін адамдар шын айта ма?

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735759-symkenttik-trgyn-zini-kdajmen-kalzydasatynyn-ajtyp-drliktirdi/