Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Байбек қазақша мультфильм көру үшін анасын ертіп келді

Опубликовано:

Disney ұсынған Pixar студиясының "Incredibles 2" мультфильмі қазақ тіліне дубляждалды. Қазақшаға аударғанда ол "Суперотбасы 2" деп аталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл - 2004 жылы шыққан "Incredibles" анимациялық картинасының жалғасы. Орысша аудиторияда «Суперсемейка» деген атаумен белгілі мультфильмнің қазақша дубляждалған нұсқасы "Суперотбасы 2" деп аталады. Ал түпнұсқа атауы – "Таңғажайыптылар".

"Болашақ" корпоративтік қоры мультфильм жарыққа шықпас бұрын «Суперотбасының» қазақша трейлерін жариялаған болатын.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Суперотбасы 2" - "Болашақ" корпоративті қорының қазақ тіліне дубляж жасаған 24-ші фильмі. Қазақ тіліндегі дубляжді режиссер Шах-Мұрат Ордабаев жасады. Аталмыш фильм Дидар Құралбаев пен Айкөркем Әділгереева секілді жас әртістер үшін алғашқы болды. Айкөркем Виолеттаның дауысына, ал Дидар Шастиктің дауысына дубляж жасады. Шастик есімі қазақшаға «Желаяқ» деп аударылды. Жалпы дубляжға алпыс актер қатысты.

Анимациялық картинаның қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері 13 маусым күні Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
Шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейұлы, әнші Дастан Оразбек, Жігер Ауыпбаев, вайнерлер мен журналистер қатысты.

Тұсаукесер шағын түсіндірме бейнежазбасымен басталып, әсерлі мультфильм көрсетілімімен жалғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1737146-bauyrzan-bajbek-kazaksa-multfilm-kru-sin-anasyn-ertip-keldi/

pixel