Аяғы ауыр әйелдерді той кезінде сапқа тізгендер сынға қалды (видео)

Опубликовано:

Маңғыстау облысында той кезінде аяғы ауыр келіншектердің шеруі болып өтті. Жүкті әйелдердің сап түзеп жүріп өткен сәті желі қолданушыларының көңілінен шықпай қалса керек. Көпшілік "бұрын-соңды болмаған салтты ойлап тапқандарды" сынға алуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram/svadba_kaz
Фото: Instagram/svadba_kaz: UGC

Instagram желісінде тарап кеткен видеода, той кезінде шеру жасап жүрген екі қабат әйелдер бой көрсетті. Олардың мейрамхана ішін айналып өткені көпке ұнамай қалған.

Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары оқиғаға қатысты бірден өз наразылықтарын білдірді. Олар "жаңаша" салтты ойлап тапқандарды сөгіп тастаған.

"Екі қабат кезінде жұрттың көзіне көп түспейтін едік", "Мода көрсетіп жатыр ма?", "Ойлап таппайтындары жоқ" , - деп өз пікірлерін білдірді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1737891-aagy-auyr-jelderdi-toj-kezinde-sapka-tizgender-synga-kaldy-video/