Сағынтаев үкімет отырысын көңіл айтудан бастады
Опубликовано:
Бақытжан Сағынтаев 17 маусым күні болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан марқұмның отбасына көңіл айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

17 маусым күні "Астана-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, салдарынан 25 адам зардап шеккен болатын. Тағы бір жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан.
Бүгін премьер-министр кезекті үкімет отырысын Шу станциясында болған төтенше жағдайды еске алудан бастады.
"Өкінішке қарай, бір бала қаза тауып, жараланғандар да бар. Қаза болған баланың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Сол күні шұғыл түрде инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, "ҚТЖ" компаниясының арасыда комиссия құрылды. Компания басшысы шұғыл Шуға жол тартты", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1737930-sagyntaev-kimet-otyrysyn-kil-ajtudan-bastady/