"Басқа амалым жоқ": Жігітін дуалап қайтармақшы болған ару жұртты шошытты
Опубликовано:
Өзін аяғы ауыр күйінде тастап кеткен жігітін дуамен қайтармақ болған ару елдің үрейін тудырды. Ол жігітінің өзге қызға үйленгелі жатқанын айтып, баласының әкесін осындай жолмен қайтармақ деп хабарлайды Kyn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

21 жастағы бойжеткенді сүйгені ішіндегі 8 айлық баласымен жалғыз қалдырып кеткен.
Оның айтуынша, соңғы төрт ай бойы бірге тұрған сүйіктісі аяқ астынан басқа қызға кетіп қалыпты.
"Маған осы он күннің ішінде оны қайтарып бере алатын адам керек. Дуа жасап қайтарамын. Одан басқа амалым жоқ", - деді жан сырын айтқан ару.
Жігіт баланың өзінен екендігін мойындамай қойған. Тіпті өзге қызбен үйленуді де жоспарлап жүр екен.
Амалы қалмаған бойжеткен Қарағанды қаласында дуа арқылы жігітін қайтарып бере алатын адам іздеп, желіде оқырмандардан көмек сұрады.
Құрметті, оқырман! Сіз дуаның барына сенесіз бе? Біздің кейіпкерге қандай кеңес берер едіңіз?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738349-baska-amalym-zok-zigitin-dualap-kajtarmaksy-bolgan-aru-zrtty-sosytty/