Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай болыңыз: Whatsapp-тағы хабарламалар енді бақылауға алынбақ

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жеке хабарламаларды таратуда орын алған күрделі өзгерістер қолданушыларды уайымға салып қойды. Whatsapp желісінде енді бұрын-соңды болмаған жаңалық енгізіліп, жеке хаттар өзге адамдарға қолжетімді болмақ деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : Vesti.Ru
Фото : Vesti.Ru: UGC

Ұзақ уақыт бойы көпшілік арасында үлкен сұранысқа ие болып келе жатқан қосымшаны үлкен өзгерістер күтіп тұр. Енді Whatsapp-қа жарнама шығып, жеке хаттарды қорғау жүйесі жеңілдетілмек. Бұл өз кезегінде, біреудің хабарламаларын басқа адамның оқи алуына әкеп соқтырады.

Айта кетейік, бұл бағдарламаны ойлап тапқан Ян Кум Whatsapp-ты Facebook өкілдеріне сатып жіберген. Енді оның жаңа иесі Марк Цукербкрг қосымшаға қатысты білгенін істемек.

Ол бағдарлама арқылы ақша тапқысы келгендіктен жарнама кіргізбекші. Оның үстіне онсыз да америкалық қауіпсіздік комитетімен байланысы үшін сөгіс естіген Марк Whatsapp-қа да үкімет бақылауын енгізуді жоспарласа керек.

Бұл жағдай барша қолданушыларды уайымға салып қойды. Көпшілік енді қай қосымшаға жүгініп, кімге сенерін білмей әлек.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738582-abaj-bolyyz-whatsapp-tagy-habarlamalar-endi-bakylauga-alynbak/

pixel