Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 16 жастағы қыз үш жасар баланы қағып кетті

Опубликовано:

Кәмелетке толмаған қыз бала көлік тұрағында үш жасар баланы қағып кетті. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі ilove_ukg парақшасында жарияланған Куәгерлер бұл жағдайға 16 жастағы қызды рөлге отырғызған ананы кінәлауда деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Жол апаты 22 маусымда шамамен сағат 17.00-де орын алған. 16 жастағы қыз бала көлікті артқа жүргізіп жатқанда, оны басқара алмай қалып 2015 жылғы баланы қағып кеткен.

Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Киа Рио" көлігінің тізгініндегі қыз қаққан балақай дене жарақаттары салдарынан ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738791-skemende-16-zastagy-kyz-s-zasar-balany-kagyp-ketti/

pixel