Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақ қызының қытайлық жігітке тұрмысқа шыққалы жатқаны туралы ақпарат тарап, жұрт біраз дүрліккен болатын. Ал, күні кеше осы Қытай азаматының қазақ дәстүрлеріне сай қалыңдығын алып кеткелі жатқан видеосы жарыққа шықты деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz: UGC

Бейнежазбада қоржынға түрлі сыйлықтар салып әкелген қытайлық пен оның аудармашысын және қазақ отбасын көруге болады. Күйеу бала дәстүрді онша білмейтіні анық көрінеді. Қазақ әйелдері болса бәрі ойдағыдай екенін айтып, шетелдікке алғысын білдірген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі мұның жай ғана қойылым екенін, араңдатушылардың жасаған құйтырқы әрекеті екенін жазуда. Өйткені, қазақ қоғамында қазір қытайфобия (қытайлардан қорқу) қатты өршіп тұр дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738802-kytaj-zigitine-trmyska-sykkan-kazak-kyzy-zelide-kyzu-talkyga-tsti/

pixel