Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдірахымов Шымкентті қайта басқару бақыты бұйырғанын естігенде қатты қуанған

Опубликовано:

Осымен екінші рет Шымкент әкімі болып тағайындалған Ғабидолла Әбдірахымов шаһардың басқару қайтадан өзіне бұйырғанын естігенде қатты қуанған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдірахымов
Ғабидолла Әбдірахымов: UGC

Шенеуніктің сөзінше, бұл өзі үшін күтпеген оқиғаның бірі болған.

"Бұл мен үшін күтпеген оқиға болды. Шешімді мемлекет басшысы қабылдайды. Әрине, мен қатты қуандым, қаланы көркейту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", — деді Әбдірахымов үкімет отырысынан кейін.

Қала әкімі жаңа жұмыс орындарын ашуға, табысты көбейтуге, тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеруге бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

"Біз қалада мемлекеттік басқару құрылымын қалыптастыруымыз керек. Барлық бөлім басқармаға айналып, әкімдіктің жұмысын үйлестіру қажет. Түркістан облысымен мүлік трансфертінің бюджетін бөлу мәселелерін шешуіміз керек. Әрине, тұрғындар қала мәртебесінің жоғарылағаннан кейін тұрмыстың да жақсарғанын қалайды. Біз қалалықтар бұл өзгерісті сезінуі үшін тырысатын боламыз. Ол халықтың табысын көтеру, жұмыс орындары, абаттандыру, білім, мәдениет. Тағы басқа осындай мәселелер", — деді қала басшысы.

Еске сала кетейі, Қазақстан президентінің жарлығымен Шымкент республикалық маңыздағы қала мәртебесіне ие болды. 17-ші өңірдің басшысы болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды.

Әбдірахымов бұған дейін де Шымкент әкімі қызметін атқарған еді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739168-bdirahymov-symkentti-kajta-baskaru-bakyty-bjyrganyn-estigende-katty-kuangan/

pixel