Қыдырəлі Болманов белгілі дизайнерге қатысты өз шындығын айтты

Опубликовано:

Белгілі продюсер Қыдырəлі Болманов дизайнер Ырза Тұрсынзадамен орын алған кикілжің туралы айтып берді. Əншінің айтуынша, коттеджге қатысты дауда көптеген бұрмаланған ақпараттар мəлім болған екен. Қыдырəлі Болманов "коттедждің Болмановтар отбасына тиесілі емес екенін, оны тек жалға алмақ болғанын" баяндады деп хабарлады NUR.KZ порталы.

Қыдырəлі Болманов белгілі дизайнерге қатысты өз шындығын айтты
Қыдырəлі Болманов белгілі дизайнерге қатысты өз шындығын айтты: UGC

Шулы мəселеге қатысты пікірін айтпақ болған Қыдырəлі Болманов бүгін Астанада тілшілерге арнап брифинг өткізіп, мəселенің қайдан туындағанын айтып берді.

"Əкімшіліктің арқасында аталған ғимаратты жалға алып, тұрмысы төмен, мүгедек балаларға оқыту орталығын ашпақ болдық. Сол себепті əкімшілікке осыдан бір жарым жыл бұрын мемлекеттік-жекеменшік серіктекстік негізінде мектеп ашу туралы өтініш айттық. Ғимарат жекеменшік нысан емес, ол коммуналдық мекеме. Сондықтан оны тек жалға ала аламыз. Біз ол ғимаратта кімдер отырғанын білмедік. Тіпті жаңа бейнематериалда көргендеріңіздей сот орындаушыларының өзі ол ғимаратта кімдердің отырғанын білмеген", - деп түсіндірді продюсер.

Сонымен бірге ол, коттеджге басып кірмегендіктерін, ондай əрекетке сот орындаушылары амалсыздан барғандықтарын баяндады.

"Ол ғимаратқа басып кірді деген де шындыққа жанаспайды. Мен ол жерде кімдердің отырғанын күні бүгінге дейін білмеппін. Ырза Тұрсынзадамен арамызда түсініспеушіліктер, қандай да бір кикілжіңдер болған емес. Сəлеміміз қашан да түзу еді. Мен тіпті ол кісінің жасын, əйел адам екенін сыйлап, осы мəселеге қатысты үндемей-ақ қояйын деп едім.
Бірақ балаларым кеше теледидардан көріп, "əке олай емес қой, сіздер ондайға бармайсыздар ғой" дегенде осы брифингті ұйымдастыруға мəжбүр болдым. Себебі мен əке ретінде өз жұбайым мен отбасымның абыройын сақтап қалуым керек", - деді продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі дизайнер Ырзы Тұрсынзада Болмановтар отбасы Астанадағы коттеджді тартып алды деп айыптаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739361-kydyrli-bolmanov-belgili-dizajnerge-katysty-z-syndygyn-ajtty/