Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға қонаққа келген 8 сынып оқушысы ізім-ғайым жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Алматыға қонаққа келген сегізінші сынып оқушысы із-түссіз жоғалып кетті. Төрт күннен бері хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді қазір туыстары жанұшырып іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыға қонаққа келген оқушы ізім-ғайым жоғалып кетті
Алматыға қонаққа келген оқушы ізім-ғайым жоғалып кетті: UGC

Жақындарының айтуынша, 24 маусым күні кешкі уақытта Амиржан Кучаков Алматы қаласындағы туыстарының үйіне қонаққа бару үшін Түркістан облысынан жолға шығып кеткен.

Кешкісін жолға шыққан жасөспірім келесі күні, яғни, 25 маусым күні таң атысымен Қаскелең қаласына жеткенде көліктен түсіп қалған. Содан бері 8-сынып оқушысын ешкім көрмепті.

"Ұлым 24 маусым күні Жетісайдан Алматы қаласына қарай бажамның үйіне баратынын айтып, жолға шығып кеткен. Жасы - 16-да. Мектепке кеш барған.Өзі сегізінші сынып оқушысы.

25 маусым күні Қаскелең қаласындағы көпірден жолдың бойынан түсіп қалған. Баламның дені сау. Тіпті шекпейді, ішпейді. Бес уақыт намаз оқиды. Көшеде жүріп қаңғымаған. Оғаш мінезін байқамағанбыз.

Полицейлерге хабар бердік. Үмітімізді үзбейміз. Көрген білгендер болса хабарласса", -дейді із-түссіз жоғалып кеткен сегізінші сынып оқушысының әкесі Алимжан Кучаков.

Жоғалған жігіттің туыстары бірден тәртіп сақшыларына хабар беріпті.

Оны соңғы рет таныстары таксиге мініп кеткенде ғана көрген.

Егер Амиржан Кучаковты көрген білгендер болса 8707-964-06-64 нөміріне немесе 102-ге хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739665-almatyga-konakka-kelgen-8-synyp-okusysy-izim-gajym-zogalyp-ketti-foto/

pixel