RU

Назарбаев қазақстандықтардың өмірін ұзартуға тапсырма берді

Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы роботтық хирургия орталығында болып, заманауи нысанның жұмысымен танысты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев

Өскеменеге іссапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев Аягөз, Зырян аудандараның инсульт орталықтарының ұжымдарымен де телекөпір арқылы тілдесті.

"Қазақстан бойынша адамның шетінеуінің ең жоғарғы көрсеткіші ол қан тамырларының жүректің аурулары болатын. Қазір барлық облыстық орталықтарда жүрекке операция жасайтын жағдайға жеткіздік.
Бала туу мәселесінде баланың шетінеуі көп болатын. Оны да төмендеттік. Сондықтан, елдің денсаулығын нығайтып өмірін ұзарта беріңдер", - деді мемлекет басшысы.

Жас дәрігерлерге тапсырма берген соң президент Шығыстағы бекіре өсірумен айналысатын фермаға аттанды.

Мұнда бағалы балықты өсірудің тың әдістері қолданылады екен. Алдағы уақытта мұнда жылына 45 тонна бекіре мен 4 тонна қара уылдырық өндіретін жоспарлары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739702-nazarbaev-kazakstandyktardy-mirin-zartuga-tapsyrma-berdi/