Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІД басшысының қызы жайлы ақпарат таратқан журналист 10 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Гүлжан Ерғалиева өзінің Facebook-тағы парақшасында Олжас Сүлейменовтың немересіне қатысты жалған ақпарат таратты. Көптеген ақпарат агенттіктері "Менттің қызы ақынның немересін өлтірді" деген жазбасына сүйенген. Бұл туралы ІІМ-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Гүлжан Ерғалиева. Фото: Уральской недели
Гүлжан Ерғалиева. Фото: Уральской недели: UGC

Министрлікте хабарлағандай, автордың жариялаған ақпараты шындықпен жанаспайды. Өйткені жол апатына қатысы бар Мұхитова есімді кінәлі адам оқиға орнынан қашып кетпей, тергеу амалдарының соңына дейін бірге болған.

"Бұның бәрі бақылау камераларындағы видеожазбамен және істің басқа да материалдарымен расталған. Сондай-ақ оның қанынан ішімдіктің бары медициналық сараптамамен анықталмады", - деді ІІМ өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, жол апатының сәтін бақылау камералары түсіріп алған.

Құзырлы органда хабарланғандай, іс бойынша барлық сот сараптамалары тағайындалған. Енді сол бойынша процессуалды шешім қабылданбақ.

Жалған ақпарат таратқаны үшін Гүлжан Ерғалиеваға қатысты іс Астана қаласының ІІД басқармасымен қолға алынды.

"Құқық қорғау органдарының ескертпелеріне қарамастан, БАҚ пен ақпараттық-коммуникациялық желілерде жалған ақпарат тарату фактілері байқалған", - деді ІІМ өкілдері.

Министрліктің айтуынша, мұндай әрекеттер қылмыстық іс болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739856-iid-bassysyny-kyzy-zajly-akparat-taratkan-zurnalist-10-zylga-sottaluy-mmkin/

pixel