Мектепке іш киіммен келген 15 жастағы бозбаланың ата-анасы айыппұл төледі

Опубликовано:

Павлодарда 15 жастағы мектеп оқушысы білім ордасында іш киіммен жүремін деп опық жеп қалды. Оқу күндерінің соңында әжетханаға барып, шалбарын шешіп тастаған жасөспірімнің ата-анасы енді айыппұл төлеуге мәжбүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: luba-moya.com
Фото: luba-moya.com: UGC

Оқиға Павлодардағы №5 мектепте болған. Мектеп ішін іш киіммен аралаған бозбала, жартылай жалаңаш күйде сабақ өтіп жатқан сыныпқа кіріп келген.

Оқушысының бұл әрекетіне ұстазы наразы болған. Нәтижесінде 15 жастағы жеткіншектің анасы баласы үшін айыппұл төлеген.

Сот төрағасы баланың анасына 17 мың теңге айыппұл салған. Алайда әйелдің кәмелетке толмаған бірнеше баласы болғандықтан, айыппұл көлемін 30% пайызға дейін азайтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739857-mektepke-is-kiimmen-kelgen-15-zastagy-bozbalany-ata-anasy-ajyppl-tledi/