Рахман Омардың бірінші жұбайын өлтірген әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Опубликовано:
Алматыда пәтер қожайынын өлтірген 30 жастағы әйел жантүршігерлік қылмыстың ізін жою үшін, өзіне қол салғысы келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім еткен.
№11 шағын ауданның тұрғындары оқиға туралы өз нұсқасын баяндап берді.
Көршілер пәтерді 6 қыз жалдап тұрғанын жеткізді. Олардың бірі, басты күдікті Оңтүстік Қазақстан облысынан келген әйел пәтер иесімен сөзге келіп қалған.
«Бұл әйел азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс жасаған. Олар бәрі сырттан келгендер. Ұрыс-төбелес болмайтын, арақ ішпейтін. Адамды өлтірген соң қан-қан киімдерді кіржуғышқа салып жуып тастамақ болмаған.
Осы сәтте үйге пәтер иесінің ұлы көтерілген. Әйел оны да өлтірмек болған.
Бірақ, жігіт қашып шығып, сырттан көмек сұрап үлгерген. Полиция шақырған. Күдікті әйел асүйдегі шүберекке асылып өлгісі келген», - деді қаза болған әйелдің көршілері.
Қалалық ІІД пәтер иесін бір ғана әйел өлтіргенін айтты.
Ведомство ерген ақпаратқа сәйкес, күдікті бірден ұсталған. Полиция күдіктінің өзіне қол салғысы келгенін растады.
«Ол өзіне қол салмақ болды. Бірақ, полиция алдын алып үлгерді. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Аталған дерекке байланысты бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді қалалық ІІД.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739870-rahman-omardy-birinsi-zbajyn-ltirgen-jelge-katysty-zaa-derek-sykty/