Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ көйлекке лайық емеспін": Пәктігінен айырылған 19 жастағы қыз мұңын шақты

Опубликовано:

Instagram әлеуметтік желісінде атын жасыруын сұраған 19 жастағы бойжеткен қиын жағдайға тап болғанын айтып, мұңын шақты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: winallos.com
Фото: winallos.com: UGC

Жас қыздың айтуынша, ол өмір жолында түрлі адамдармен жолыққан. Жасап қойған күнәсін анасына да айта алмапты. Кейде өзіне-өзі қол жұмсамақ ойлары да болған.

"Өмір жолымда қиындықпен қоса "адам" деп айтуға ауыз бармайтын адамдарды да кездестірдім. Шет-жағасын түсініп отырған боларсыздар...Анама айта алмадым жүрегі шыдамай қала ма деп. Асылып та өлгім келген кездер болды.Шариғаттағы өзіңе қол жұмсаудың үкімі ауыр əрі ол нәрсені өзім қалап жасамадым ғой...", - деді өз сөзінде бойжеткен.

Оның айтуынша, көңіл білдіріп жүрген жігіттердің барына қарамастан, бойжеткен өзін ақ көйлек киюге лайық деп санамайды екен.

"Өзгелер секілді еңсемді көтеріп тұрмысқа шыққым келеді. Бірақ ақ көйлекке лайық емесімді де түсінемін. Көңіл білдіріп жүрген жас жігіттер де жоқ емес. Бірақ оларды өзіме қимаймын."Тең-теңімен" деген ғой бабаларымыз. Жағдайымды түсінетін ажырасқан не жары қайтыс болған кісі болса, бас құрап, отанасы болғым келеді. Жөні түзу, жауапкершілігі, сыйластығы болса болды, сүймесе де", - деді жас қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739909-ak-kjlekke-lajyk-emespin-pktiginen-ajyrylgan-19-zastagy-kyz-myn-sakty/

pixel